Медицинадағы ЖИ қателігі үшін кім жауапты? ДСМ түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 23 июл. 2025 13:23

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев медицина саласында жасанды интеллекті қолдану кезінде туындауы мүмкін қателіктерге кім жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, медицина – жасанды интеллект алғаш енгізіле бастаған салалардың бірі. Қазір елімізде жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бірнеше стартап іске қосылған. Мәселен, ақылды технологиялар инсультті ми суреттері арқылы анықтауға, ауыз қуысы ауруларын 3D кескіндер арқылы диагностикалауға көмектеседі.

"Қазіргі таңда жасанды интеллект – бұл тек құрал. Ол дәрігерге кейбір нәрселерді анықтауға көмектеседі. Мәселен, дәрігер байқамаған жайттарды ІІ тез анықтап бере алады. Бірақ оған толық сеніп, емдеуді толығымен соған жүктеу әлі ерте деп ойлаймын", – деді Сайланбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Дегенмен спикердің пікірінше, диагноз қою кезінде жасанды интеллекттің қатесі орын алса, түпкілікті жауапкершілік дәрігерге жүктелуі тиіс.

"Мысалы, сіз біреуге таяқ лақтырдыңыз делік. Бұл жағдайда кінә таяқта емес, сізде. Яғни жасанды интеллект – дәрігерге көмектесетін құрал ғана. Ал диагноз қойып, ем жүргізетін дәрігердің өзі. Сондықтан жауапкершілік те соған тиесілі", – деп түсіндірді Сайланбаев.


Рекомендовать
Последние новости