Мазмұны терең, тәлімі мол семинар

Dalanews 11 апр. 2022 13:03 1104

Дәл қазіргі қарқынды өзгеретін және үнемі дамып отыратын ақпараттық индустриямен, сондай-ақ жалпы адамзаттың индустриялық және ақпараттық дамуының жоғары қарқынымен біріктірілген заманауи өмір салты жаңа жеке және ұжымдық дағдыларға жоғары нарықтық сұранысты тудыруда.

Осы мәселені дамытуға арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» тақырыбындағы 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын барлық пән мұғалімдеріне 2022 жылдың 28.03 – 08.04 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, тренер Есентаева Айжан Ыдырысқызы өткізді. Курсқа 26 қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Курста білім алушылардың шығармашылық (креативті ойлау) қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын, қарым-қатынасын және топтық жұмысты дамытуда функционалдық сауаттылықты оқушыларға қалыптастырудың тәжірибелік жолдарын көрсетуге, жасауға басымдық берілді.

Курстың оқу жоспарына сәйкес, 6-сәуір күні Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицей базасында «4К» моделінің даму тарихы, «4К» моделін және «Soft Skills» дағдыларын қалыптастыру құрылымы, Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері» тақырыбында 8 сағаттық көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.

Мақсаты: Білім алушылардың Soft Skills дағдыларын дамытуда белсенді әдістерді қолдану. Soft Sklls дағдыларды дамытудың маңыздылығын талдау. Soft Sklls дағдыларын дамытуда педагогикалық тәсілдерді оқу процесінде қолдану.

Көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысушыларды №178 мамандандырылған лицей директоры, шебер-менеджер, білікті көшбасшы-педагог Шадиев Кайратбек Хамзаханович пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, шебер-менеджер Дәулетбаева Гүлнафис Абатовна бастаған мектеп ұжымы ерекше қонақжайлылықпен қарсы алды. Тәжірибелік сабақтар аясында курс тыңдаушылары лицейдің тыныс-тіршілігі туралы мағлұмат алып, лицей ғимаратындағы заманауи роботтехника, сарғыш, жасыл, көк, сары IT, Рухани жаңғыру кабинеттерін аралады. Кітапхана базасы және Тұңғыш Президентке арналған мұражайға саяхат жасады.



Курс тыңдаушылары «Тәжірибені дамыту» шара айдарында лицейдің тәжірибелі ұстаздары: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ауелбекова Айман Айтжановна 7-сыныпта М.Шаханов «Нарынқұм трагедиясы» шығармасы, математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Сультанова Гульжан Мынбаевна 9-сыныпқа «Үшбұрыштар және шеңбер», биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Джумабаева Гульнар Бейсембековна 10-сыныпқа «Орталық жүйке жүйесінің құрылысы» тақырыптарында тәжірибелік сабақ көрсетті. Сабақ барысында білім алушылардың жоғары сыни ойлау, шығармашылық ойлау, қарым-қатынас дағдыларын, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін оқу процесі ашық форматтағы тапсырмалар арқылы ұйымдастырылды. Жеке қасиеттерді қалыптастыруда белсенді әдістер қолданылды. Сабақтан кейінгі кері байланыс сындарлы кәсіби ой алмасулар болып, нақты әрі құнды пікірлер айтылды. «Біле жүрейік» айдары бойынша тренер 4 К тұжырымдамасындағы білімдерді қалыптастырудың тәжірибелік маңыздылығына тоқталып оқытудың бірлескен жұмыс қимылындағы және сұрақ-жауап тәсілдерінің рөлі басым екені туралы ой қозғады.

Сонымен қатар, КТС барысындағы маңызды сәт – 4 сәуір күні Алматы қаласы ауамағынан алғаш болып «PISA» халықаралық ғылымыи зерттеу сынамасына қатысқан 15 жасатағы 9 және 10-сынып оқушыларымен «Сұқбат» айдары бойынша тікелей кездесу ұйымдастырылды. Арнайы «Тапсырмаларды орындау қиын/оңай болды ма?, Межеленген уақытта тапсырмаларды толық орындап шықтыңдар ма? Толық орындай алмаған болсаңдар, себебі неде деп ойлайсыздар?, Мектеп мұғалімдері қандай тапсырмалармен білім беруді ұйымдастыру керек деп есептейсіңдер?» деген сұрақтарға оқушы көзқарасымен ашық жауаптар алынды. Оқушылардың көпшілігі математикалық сауаттылық сұрақтарына жауап беру қиын болмағанын тілге тиек етті. Сұрақтар оқулықтан келмейді екен, өмірлік жағдаятпен байланыстырылып келген сұрақтар өте қызық дейді. Қиын болғаны – ұзақ мәтіндерді оқуға, терминдерді түсінуге уақыт кететінін және мәтіндер тура аудармамен келгенін айтты. Болашақта ұстаздарымыз сабаққа ұзақ және тілі қиын мәтіндермен жұмыс жасатып біздерді дағдыландырса, логикалық сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар мен таблицалық есептерді көбірек орындатса, – деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бұл ұсынастар курс тыңдаушыларының тәжірибелері туралы ойлануына және дамытуға түрткі болды деп есептейміз. Оқушылар өз сұқбатында сынама қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндігіне сенім білдірді.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі базасы – оқу-жазу. Қай пәннің мұғалімі болмасын тапсырманың аузша, жазбаша, визуалды ақпараттар, мәселені шешу түрлері арқылы оқыған ақпаратты жадысына сақтауға және кез-келген жағдаятта қолдануға бейімдеу керектігі туралы ойлануы керек.

Семинар соңында лицейдің өнерлі оқушылары күмбірлеген күй тартып, би билеп, ән шырқады.

№178 мамандандырылыған лицей базасында Айжан Ыдырысқызының ұйымдастырып өткізген КТС шарасы тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаланды. Осындай игі жұмыстарды тәжірибелік тұрғыдан көрсетіп, шеберліктерімен бөліскен, оқушыларымен жүздестірген мектеп әкімшілігіне және сабақ берген ұстаздарға Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты алғыс білдіріп, Құрмет грамотасымен марапаттады.

«Өрлеу» Алматы

Рекомендовать
Последние новости