Матаевты ұстаудың астарында не бар?

Dalanews 22 февр. 2016 07:45 953



Қазақстан журналистер одағының төрағасы, "Ұлттық баспасөз клубы" қоғамдық қорының президенті Сейітқазы Матаев пен оның ұлы ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев ұсталды деп мәлімдеді бүгін Алматыда Ұлттық баспасөз клубында өтіп жатқан жиында "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева.





Калееваның сөзінше, Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев бүгін таңертең "Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ агенттігіне қатысты жағдай" туралы баспасөз конференциясы басталмай тұрып ұсталған. Олар осы жиында сөйлеуі тиіс болған.

Жиында сөйлегендер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев "көп мөлшеде мемлекет қаржысын жымқырды" деген күдікке ілінгенін айтты. Сейітқазы Матаев бұған қоса Алматыдағы "Ұлттық баспасөз клубын заңсыз реконструкциялады" деген де күдікке ілінген.

"Істің мәні оларды қудалаудың шынайы мақсаты ашық диалог алаңы - Ұлттық баспасөз клубының қызметін шектеу, ҚазТАГ материалдарының мазмұнына жасырын түрде мемлекеттік бақылау жасау және Қазақстан журналистер одағының қоғамдық белсенділігін төмендету деген ұйғарым жасатып отыр" делінген жиында таратылған мәлімдемеде. Онда Матаевтардың өздеріне тағылған айыпты мойындамайтыны және кінәсіз екендерін дәлелдеуге дайын екендігі айтылады.

Кейіннен Әсет Матаев босап шыққаны белгілі болды. Ол "Азаттық" радиосына берген сұхбатында әкелі-балалы Матаевтрадың ісіне "биліктегі ықпалды адамдардың" араласып отырғанын, "Ұлттық баспасөз клубы" мен КазТАГ-ты тартып алу ойлары бар екенін мәлімдеді. Үлкен Матаев әлі босаған жоқ.



Рекомендовать
Последние новости