Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етіп, сотқа арызданды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды.
Моральдық өтемақыға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтетіні белгіленген.
Еске салайық, 23 шілдеде Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға жеткізілгені белгілі болды.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі экс-министр Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтты.
Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты.
"Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол "Еңбек" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.
Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істегендей Бишімбаев пен де жұмыс істейді", - дейді Жәнібеков.
26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.