Мақтаралдық диқандар қарбызды Ресейге жөнелтуге дайындап жатыр

Dalanews 23 мая 2018 17:05 949

Оңтүістік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары 97 пайызға орындалған. Ал биылғы жылы шаруаларға аталған жұмыстарға мемлекет тарапынан 55 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 27 мың тоннадан астам жанар май берілді. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мақтаарал ауданына жасаған сапары кезінде шаруалармен болған әңгіме барысында айтты.



Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың  ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында іс-сапармен келген аймақ басшысы ең алдымен Азаттық елді мекеніндегі «Қанат» шаруа қожалығының жұмысын аралап көрді.

Қожалықтың жұмысымен таныстырған серіктестік иесі Марат Мырзахметов бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, өткен жылы 1 гектар жылыжайдан 75 тонна қызанақ, 3,5 гектар жерден 125 тонна бақша өнімдерін алған. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр ол биыл да жылыжайда қызынақ өсіріп, егістікке асқабақ дақылын еккенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Сырабад елді мекеніндегі «Эверест» шаруа қожалығының егістік алқабыныңда болды. Мақта, жоңышқа, бақша шаруашылығымен айналысатын серіктестік 1997 жылы құрылған.  Шаруашылық өткен жылы 24 тонна жоңышқа, 60 тонна бақша дақылдарын өндірген. Ал биылғы жылы 2,45 гектар жерге мақта, 1 гектар алқапқа бақша, 1 гектарға жоңышқа дақылын егіп, агротехникалық іс-шараларды тиімді ұйымдастырып отыр.

Сапары барысында Ж.Түймебаев Атамекен ауылдық округі, Талапты ауылындағы «Майбек» шаруа қожалығындағы егілген қарбыз алқабының жұмысымен танысты.   Екі гектар жерге егілген бақша дақылы бүгінде пісуге шақ қалған. Қожалық биыл 3 гектар жерге мақта, 2 гектар жерге бақша, 1,74 гектар жерге көкөніс дақылдарын еккен.

Жалпы ауданда биылғы жылы 138 мың гектардан астам суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның 27 064 гектарын бақша дақылдары құрайды. Нақтырақ айтсақ, биыл мырзашөлдік бағбандар 19 500 гектарға қауын,     7 564 гектарға қарбыз еккен. Ал облыс бойынша 51,5 гектар жерге бақша дақылдары егілген.

Аудандағы бірқатар шаруа қожалықтардың жұмыс барысымен танысқан өңір басшысы диқандармен сұқбаттасты. Әңгіме барысында егістік жерлердің құрылымын әртараптандыру, көктемгі егістік жұмыстарының барысы және суармалы жерлердің көлемін арттыру мәселелері талқыланды.



Бүгінде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына барынша қолдау мен көмек көрсетіліп жатқанын айтқан Жансейіт Қансейітұлы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында ауданға өткен жылы 4019,7 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінгенін атап өтті.

– Осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 833,1 мың гектарға орналастыру межеленген болса, оның бүгінге 97 пайызы орындалып отыр. Ал көктемі ерте келетін біздің аймақта диқандар ерте егін егіп, бүгінде оның жемісін көріп отыр. Мәселен облыс бойынша көктемгі егістіктен жиналған 136,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері Ресей, Беларуссия мемлекеттері мен республиканың солтүстік аймақтарына жөнелтілді. Оның 38,5 мың тоннасы Мақтаарал ауданының еншісінде, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңір басшысы аудан әкіміне ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудың барлық бағыттарын автоматтандыру бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен жасалған егіс алқаптарының электрондық картасына 1 шілдеге дейін барлық егістің енгізілуін қадағалауды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости