Маңғыстауға қатынайтын әуе рейстерінің артуы – өңірдегі туризмінің өркендеуіне жол ашқан

Dalanews 02 июн. 2023 06:35 1010

Бүгін Маңғыстау облысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы 2023 жылы 320 мыңнан астам турист қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

2022 жылы Маңғыстау облысына шетелден және ел өңірлерінен 310 мыңнан астам турист келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Өңірде туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі 11,5 млрд теңгені құраған (өсім – 1,6 есе).

Өңірдің туристік саласын дамытудың маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Мұны саладағы оң динамикадан да көруге болады.

Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымына тікелей байланысты. Туристердің әуе көлігімен келуіне барлық жағдай жасалған. Бүгінде Үкіметтің қолдауымен ұшақтар халықаралық және ішкі бағыттар бойынша 24 бағытта аптасына 110 әуе рейсін, оның ішінде алыс және жақын шет елдерге 16 бағытта 45 әуе рейсін жасайды.

Жыл басынан бері «Ақтау халықаралық әуежайымен» тасымалданған жолаушылар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артып, 407 490 жолаушыға жетті.


Мәселен, курорттық аймақтарды дамыту аясында 2022 жылы жергілікті инвесторлар 4 жобаны іске асырған. Нәтижесінде 1,1 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, 80-нен астам жаңа жұмыс орны құрылған.

  1. «Нефтемаш» КЗ» «Сартас» келушілер орталығын салу

  2. «Фламинго курорты» демалыс базасы («Фламинго» ЖШС)

  3. Глампинг Teniz Village («Techno west ltd» ЖШС)

  4. «AURA» демалыс базасы («Алека» ЖШС)


– 2023 жылы 210 жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жалпы құны – 100 млрд теңге. Бұл жобалардың барлығы өңір экономикасын дамыту үшін оң мультипликативті әсер етеді, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Рекомендовать
Последние новости