Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Dalanews 03 окт. 2023 11:21 1541

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев ұжымға кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасарын таныстырды. Әкімінің орынбасарлары Звира Есбергеновамен толықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Звира Есбергенова Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" және "құқықтану"мамандықтары бойынша бітірген.

Сондай-ақ, МВА бағдарламасы бойынша магистратурада оқыды,  "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша "Almaty Management University" НОУ Экономика жоғары мектебінде білім алды.

Еңбек жолын 1987 жылы Маңғыстау облысының Сай-Өтес бекетіндегі № 84 орта мектебінің  аға пионер тәлімгері болып бастаған. Ал 1993 жылдан 2003 жылдары аралығында Маңғыстау облысының білім беру саласында жұмыс істеп, өңірдің жалпы білім беретін, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы лауазымдарын атқарды.

2003-2007 жылдары – Маңғыстау облысы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы.

2007-2008 жылдары – Маңғыстау облысының Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2008-2009 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени бөлімінің меңгерушісі.

2009-2010 жылдары – Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

2010 жылдан 2012 жылға дейін – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру"АҚ Жедел басқару тобының әлеуметтік жұмыс және қоғаммен байланыс секторының атқарушы органдарымен байланыс жөніндегі талдаушы.

2012-2013 жылдары – "Маңғыстау облысы әкімдігінің талдау орталығы" АҚ Басқарма төрағасы.

2013 жылдан 2014 жылға дейін – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өңірлік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы, Ақтау қаласы.

2014 жылдан 2017 жылға дейін – Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2017 жылдан 2018 жылға дейін – Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2018-2022 жылдары – "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының хаттамалық тапсырмаларды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Нұрлан Ноғаев Звира Есбергенованың жұмысына сәттілік тілеп, Маңғыстау облысының әлеуметтік саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Рекомендовать
Последние новости