Мамин Ақордада көзге түсті

Көркем Алдабергенова 03 мая 2024 10:14 3753

2019-2022 жылдары үкіметті басқарған Асқар Мамин Ақордада көзге түсті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Күні кеше, 2 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдаған болатын. Кездесуге шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин де келген. 

Айта кетейік, Асқар Мамин бастаған үкімет Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен болатын. Бұған дейін Dala Inside Асқар Мамин саяси аренаны біржолата тастағанын жазған болатын.

Ол Ыстамбұлда демалып, Истикләл көшесі мен Таксим алаңында қыдырып жүрген кезінде көзге түскен болатын. Босфорға қарап, кешкі уақытын ойланумен өткізеді.

"Жаңа Қазақстан" тарапынан әзірге Асқар Маминге сұрақ жоқ. Сондықтан ол шетелге емін-еркін шыға алады. Ал онымен кезінде қызметтес болған көптеген шенеуіктерге Қазақстан аумағын тастауға бейресми тиым салынған. Яғни, шекарадан өткізбейді.  


Рекомендовать
Последние новости