Мәдина сәби кезінен сүйкімді болыпты

Dalanews 14 мая 2018 12:00 1145

Мәдина Сәдуақасова да жарық дүние сыйлаған жанға деген ризашылығын жеткізіп, аналар мерекесімен құттықтады. Бұл орайда әнші сәби күнгі естелігімен де бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мәдина Сәдуақасова:

– Әлемнің жарығын маған сыйладың, мен 2 кг 800г боп туылыппын өте аурушаң, нәзік бөпе болған екенмін, түн ұйқыңды төрт бөліп, мені өсірдің (енді мені тұмау да алмайды) сосын мектеп бітірген соң папам: “Дәрігер болады Мадина” деп кесіп айтқанда, Мамам: “жоқ, бала әнші болам деп тұр, өзі таңдасын, – деген мені әлі күнге еркетотайым, ботақаным кішкентай, деп еркелететін менің Алтын Мамам!

Мерекеңмен! Қасымызда менің екінші анам Сарсен апам, өнерге, ән әлеміне, үлкен сахнаға жетелеген жан, қазіргі таңда менің жақын жанашырым, ақылшым… Аман есен болыңыздар! Күліп, ойнап жадырап жүрсеңіздер, біз үшін сол бақыт! Барша Аналарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын!” – деп анасына деген ақ тілегін арнады Мәдина.



Бұдан өзге, әнші алғаш рет сәби күнгі суретін жариялады.

Бұған дейін Мәдинаның ұлы Әнуарды “әкесіне ұқсатқан” желі оқырмандары бұл жолы пікірлерін өзгертті.

“Әнуар өзіңізден аумайды екен”, – деп пікір білдірді жұрт.

Рекомендовать
Последние новости