Лукашенко Қазақстан Конституциясын жаңартуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Көркем Алдабергенова 06 февр. 2026 11:22

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға Конституцияны жаңарту ісінде көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұл туралы Минскіде Мәжіліс спикері Ерлан Қошановпен кездесуі барысында айтты.

Беларусь басшысының сөзінше, елінде қажет болған жағдайда іске кірісе алатын жеткілікті мөлшерде заңгерлер мен мамандар бар. Егер мұндай көмек қажет болса, олар жұмысқа қосылуға дайын.

Еске салайық, Қазақстанның жаңа Конституциясының алдын ала жобасы бір апта бұрын жарияланған болатын. Негізгі өзгерістердің бірі биліктің бір адамның қолында шексіз шоғырлануын болдырмау және парламенттің рөлін күшейту. Ата заң жалпыұлттық референдум арқылы қабылдануы тиіс.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove