Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге өтемақы төленеді

Dalanews 17 апр. 2020 08:31 855

Алматыда соңғы дерек бойынша 234 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған.

Алматыда қауіпті инфекцияны жұқтырып алған медицина қызметкерлеріне тиісті эпидемиологиялық тексеруден кейін 2 млн теңге өтемақы алады. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Коронавируспен күреске тартылған және соның барысында қауіпті вирусты жұқтырып алған медицина мамандарына 2 млн теңге өтемақы төленеді. Бұл қаражат Денсаулық сақтау министрлігі жүргізетін тиісті эпидемиологиялық тексеруден кейін беріледі.

"Әзір біз дәрігерлердің жеке қорғаныс құралдарын қаншалықты дұрыс қолданғанын, оларды қаншалықты жиі ауыстырып отырғанын тексеру үстіндеміз. Тексеру жұмысы аяқталғаннан кейін шешім қабылданады", – деді Әбілдаев.


Бұдан бұрын Төтенше жағдай кезінде құрылған мемкомиссия коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсететін дәрігерлердің айлығына үш ай бойына үстемақы қосылатынын айтқан.

Бұдан бөлек Үкімет вирус жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге өтемақы төлеп береді. Дәрігер осы індеттен көз жұмған жағдайда мемлекет 10 теңге млн өтемақы төлеуге міндетті.

Алматыда соңғы дерек бойынша 234 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. 


17 сәуір сағат 12:30-дағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус 1480 адамнан анықталды. Олардың 285 -і жазылып шықты, 17 адам қайтыс болды.

Рекомендовать
Последние новости