Кейбір кәсіпкерлерге жағымды жаңалық айтылды

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 12:00

Жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлер мен ЖШС-тер енді нөлдік есепті өздері тапсыруға міндетті болмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінде нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастыру жүйесі енгізіледі. Яғни, егер кәсіпкер белгіленген мерзімде есеп тапсырмаса және оның қызметі бойынша ешқандай есептелім болмаса, жүйе нөлдік есепті өзі жасайды.

Осыған байланысты кәсіпкерлерге есепті уақытында тапсырмағаны үшін хабарламалар жіберілмейді, бұл себеппен банк шоттары бұғатталмайды және тапсырылмаған нөлдік есептер үшін айыппұл салу тәжірибесі тоқтатылады.


Рекомендовать
Последние новости