Кентау қаласы және оған қарасты ауыл-аймақтар ауыз сумен қаншалықты қамтылған?

Dalanews 07 дек. 2018 07:39 948

Өркениет көшіне ілескен елдердің барлығы алдымен ауыз су мәселесін реттейді екен. Елімізде осы бағытта тұтас бағдарламалар қабылданған болатын. 

Айталық Кентау қаласы және оған қарасты ауыл тұрғындары 24 сағат, Ащысай ауылы 12 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Су құбырларын қайта құру жұмыстарының ІІІ кезеңіне 2018 жылға -140,6 млн.теңге бөлініп, «Болашақ», «Жұлдыз» және №64, 65, 68, 69 мөлтек аудандарында ауыз суқұбырлары салынып, нәтижесінде 820 абонент орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Ескі Сауран елді мекенінде су құбыры желілерін салу жұмыстарына 75,0 млн.теңге бөлініп, 25,0 млн. теңгесі игерілді. Нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қаражон елді мекенінде де су құбыры желілерін салу жұмыстарына 22,4 млн.теңге бөлініп, 8,5 млн. теңгесі  игерілді. Нысанды жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарлануда.

Ал Үшқайық ауылдық округінің А.Үсенов елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына 101,1 млн.теңге бөлініп, 99,5 млн.теңгесі  игерілді. Нысан 2019 жылға өтпелі.

Шаға елді мекенінде су құбыры желілерін салу жұмыстарына 56,2 млн.теңге бөлініп, 37,5 млн.теңгесі игерілді. Нысан 2019 жылға өтпелі.

Рекомендовать
Последние новости