Келестегі "Алтын күз - 2018" жәрмеңкесі жылдың жемісті болғанын паш етті

Dalanews 16 нояб. 2018 08:08 948

Келес ауданы орталығы Абай ауылы Мүсір Артықов көшесі бойында орналасқан қазақи нақышта салынған заманауи «Қымызхана» алаңында Келес ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Алтын күз — 2018» жәрмеңкесі өтті.

Шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, түрлі көкөністер орналастырылып, арзандатылған бағада жәрмеңкеге келген қонақтарға үлестірілді.

Іс-шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев: «2018 жылы Келес ауданы бойынша 7066 гектары астық, 209,5 гектары майлы дақылдар, 1898,5 гектары бақша дақылдары, 2163,6 гектары картоп, 7129 гектары көкөніс дақылдары, 3875 гектары мал азықтық дақылдар, барлығы болып 23127 гектар жерге егіс егілді. Бүгінгі таңға осы егіс алқаптарында өндірілген өнім толық жинап алынды.

Аудан тұрғындарының қажырлы еңбегінің нәтижесінде: биылғы жылы 27071,1 тонна астық, 49785 тонна бақша өнімдері, 47228,8 тонна картоп, 648,6 тонна майлы дақылдар дәні, 10956,2 тонна жеміс, 16879,8 тонна жүзім, 180120,1 тонна көкөніс өнімдері өндірілді. Өндірілген көкөністің 10336,1 тоннасы жабық топырақ жағдайында өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі өнімнің барлық түрі бойынша артқанын» атап өтті.

Сондай-ақ Келес ауданы әкімі А.Есбаев аудан шаруаларын аталып өтіп жатқан «Алтын күз – 2018» шарасымен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапаттады.

Шара барысында Келес аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан түрлі сахналық көріністер қойылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Рекомендовать
Последние новости