Сайрамда 81,1 шақырым жол жөнделді

Dalanews 28 нояб. 2018 08:20 885

Сайрам ауданында елді мекендерді көркейту, абаттандыру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Мұны ауданға қарасты әр ауылға барған кез келген адам байқайтыны анық.

Таяуда Түркістан қаласында журналистер алдында есеп берген Сайрам ауданы әкімі Бақтияр Мамаев биыл көрітендіру бағытында 2 нысан толық аяқталғанын алға тартты. Олар Ақсу ауылындағы Қарабұлақ тас жолы мен Шаймерденов көшелерін абаттандыру, көріктендіру жұмыстары мен аудан орталығы Ақсу ауылындағы абаттандыру жұмыстары. Бұдан басқа «Манкент» темір жол бекетінің алды да адам танымастай абаттандырылғанын айта кетуіміз керек.

Қарасу ауыл округі арқылы кіреберісіне сәулеттік нысан жобасы мен Ақсу ауылы Сұраншы батыр көшесін абаттандыру  жұмыстары жұрттың ризашылығын тудырғаны анық.

Ал аудандағы  жол жөндеу жұмыстары жайтында айтсақ, 2018 жылы аудандық маңызы бар 8 шақырым жолдарды күрделі жөндеуден өткізу және 72,7 шақырым 66 ішкі жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына барлығы 1735,1 млн.теңге бөлінген-ді.

Сонымен қатар, ауылдық бюджет есебінен 18,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде 81,1 шақырым жолдың жағдайы жақсарып, аудандағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 8,2%-ға өсті.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости