«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің астаналықтар арасында танымалдығы артып келеді

Жарбол Кентұлы 10 июн. 2024 11:17 2351

Өткен жылдан бері елімізде болашақ студенттерді оқыту үшін «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесі іске қосылған болатын. Қазіргі таңда елорда тұрғындары бұл жобаның балашақ ұрпақ үшін маңызын түсініп, жобаны қала тұрғындары арасында кеңінен түсіндіріп, барынша насихттауда.  

Бүгінде Астана қаласы әкімдігі жоғары және орта кәсіптік білім беру саласында сапалы мамандарды және балаларының білім алуына мүдделі. Бұл бағытта әкімдік жыл сайын арнайы грнаттар бөліп, бас қалада кәсіби білікті мамандар шоғырының қалыптасуына көптен бері өз үлесін қосып келеді.

Сондықтан жергілікті билік орындары Үкімет қолға алған «Келешек» жобасын барынша қолдап отыр. Бүгінде Астана қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша бірқанша білім ордалары бой көтеріп, жас жеткіншектердің сапалы білім алуына жағдай жасағанын білеміз. Сондықтан астаналықтар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған «Келешек» жобасының маңызын жете түсініп, бұған белесене қатысуда.

Қазір елімізде жоғары білім беру саласына жауапты министрлік «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жеңілдетілген білім беру несиесі мен сараланған грантты алу механизмін біріктіру арқылы жетілдіруді көздеуде. Ойға алған іс сәтті іске асқан кезде «Келешек» жобасы елімізде білім беру капиталын дамытуда ата-ана мен мемлекеттің жауапкершілігін арттыра түсетіні анық.  

«Келешек» жүйесі ел азаматтарыынң қаржысын үнемдеп, балаларын жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған маңызды бастама екені сөзсіз. Жүйенің негізгі мақсаты – әртүрлі көздерден (ата-ана, сақтандыру компаниясы, мемлекет) түсетін қаражатты бірыңғай жинақтаушы жүйесіне жинақтап, әрбір бала жоғары оқу орнына түсу жасына қарай жоғары білім алуды қолжетімді ету болып табылады.

Осы ретте «Келешек» жүйесі аясындағы ақшаның жинақталу көздеріне аз-кем тоқтала кетсек. Жобаның негізгі жинақ көзі білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша ата-аналардың сақтандыру жарналары мен сақтандыру ұйымдарымен есептелетін инвестициялық кірістер болып табылады. Ал бюджет қаражаты есебінен 5-7 % мөлшеріндегі мемлекеттік сыйақы жинақтың артуына ықпал ететінін айта кетуіміз керек.

«Келешек» жинақтау жобасы ата-ананың балалар алдындағы жауапкершілігін арттырып, балалардың оқуына ақша жинайтын жақсы дәстүрді қалыптастырады. Ал мұндай маңызды жобаларың елордамыз Астанада сәтті іске асуы, жобаның ел ішіне кең таралып, дәстүрге айналуына ықпал етеді.   


Рекомендовать
Последние новости