Келер жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Сағыныш Сардарова 15 дек. 2025 10:18

Келер жылдан бастап жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы өседі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген ресми жауабында айтылған, деп хабарлайды Dalanews.kz Aikyn.kz-ке сілтеп.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.

"Бұл мақсатта 2025–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазір Үкіметтің тиісті қаулысына толықтырулар әзірленіп, келісу процесінен өтіп жатыр", – деді Бектенов.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақысының кемінде 25%-ы көлемінде қосымша ақы төлеуге құқылы.


Рекомендовать
Последние новости