Жетісуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 4328 жасқа шарапатын тигізді

Dalanews 30 авг. 2019 11:26 900

Өткен жылы Алматы облысының мектептеріне келген 1400-ден астам жас маманның 1079-ы – «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушысы болған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске қосылған 10 жыл ішінде Алматы облысында 4328 жас педагог көтерме ақы алса, баспана алуға 2 мыңға жуық бюджеттік несие берілген.

Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласында өткен тамыз педагогикалық кеңесінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Кеңесте жас мамандарды қолдау, кадр мәселесін шешу проблемалары сөз болды.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы өңірдегі білім беру ұйымдарындағы педагогтар қатары 1400-ден астам жас маманмен толыққан. Соның 1079-ы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан. Оларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілген.

Солай бола тұра, бүгінгі күні облыс мектептеріне орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, ағылшын тілі пәндері бойынша 111 маманға қажеттілік бар. Облыс әкімдігінен берілген гранттардың 141-і педагогикалық мамандықтарға бөлінуі аталған мәселені шешуге ықпал етпек.

Рекомендовать
Последние новости