Желіде Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы бағдар пайда болды

Көркем Алдабергенова 03 нояб. 2025 12:17

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құқықтық статистика интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты іздеу туралы бағдар жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Екатерина Игоревна Бивол, 1990 жылы туған, оған қатысты іздеу ісі 1 қарашада Астанада тіркелген.

Бивол

Іздеуді бастаған орган – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі, ал тікелей іздестіру жұмыстарын Байқоңыр аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ ориентировкада Биволдың ТМД елдерінің бірінің азаматы екені көрсетілген.

Бұған дейін Қазақстан ІІМ Екатерина Биволға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости