Желіде Джеки Чан Қазақстанға келгені туралы ақпарат тарады

Сағыныш Сардарова 25 сент. 2025 11:22

Әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Алдын ала деректерге сүйенсек, Джеки Чан елімізде түсірілетін фильмдердің біріне қатысуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда Джеки Чан мен америкалық продюсерлердің қатысуымен бірнеше халықаралық жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. Бұл туралы Salem Entertainment диджитал-медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай мәлімдеген болатын.


Рекомендовать
Последние новости