“Жарқын күз”: Аюсай шатқалында туристер мен Алматы тұрғындары 300 кг қоқыс жинады

Қаракөз Амантай 22 окт. 2024 17:06 2502

"Жарқын күз" науқаны тұрғындар мен туристерді біріктірді. Аюсай шатқалында Алматы және Almaty Tourism Bureau туризм басқармасы ұйымдастырған табиғи объект пен визит-орталықтың аумағын жинау бойынша іс-шара өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бей-жай қарамайтын қала тұрғындары Аюсай өзенінің соқпағы мен жағасындағы тазалықтарды пластикалық бөтелкелерден, қаптамалардан және басқа да қалдықтардан тазартты. Нәтижесінде демалушылар қалдырған 300 кг-ға жуық қоқыс жиналды.

"Бұл жай ғана тазалау емес, болашаққа жасалған қадам. Біз немқұрайлылығымызбен табиғатқа келтіретін зиянды елемеуге болмайды. Бүгінгі іс - шара бәріміздің қаламыздың тазалығымен бірегей табиғатын сақтауға өз үлесімізді қосаалатынымызды көрсетті", - деп атап өтті акцияға қатысушы, Qazaq National Parks компаниясының өкілі Тілек Әділжанов.


Жыл
басынан бері Аюсай шатқалына 400 мыңға жуық турист келді, оның ішінде 200 мыңға жуығы кеңес алу үшін "Аюсай" визит орталығына жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық науқаны аясында "Жарқын күз" акциясы өтіп жатыр. Акция экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қаланың тазалығын сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.

"Almaty Business DevelopmentCompany" Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы" ЖШС Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы өңірлік ұйым. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Компания "бір терезе" қағидаты бойынша Алматы қаласында инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу саласындағы қызметті жүзеге асырады. Компания қала экономикасының басым салаларына инвестициялар тартады, қаржыландырудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша консультациялар береді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуді жүзеге асырады.


Рекомендовать
Последние новости