ЖАРНА ТӨЛЕУДІҢ ЖЫРЫ немесе 6 млрд.теңге қайда жұмсалды?

Dalanews 29 янв. 2015 05:11 882

1415330003_ca2438b39141ab6ac4b50a7574e12a63Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына көп болған жоқ.  Алайда кәсіпкерлердің арасында осынау ұйымның жұмысына көңілі толмайтын азаматтар табылып жатыр. Шағын және орта бизнес өкілдерінің шағымдары, негізінен, міндетті мүшелік жарнаға қатысты. Енді бір кәсіпкерлер өздерін осынау ұйымға еркінен тыс ендіріп жібергеніне қарсы.

«Қалтамыздан санап беретін қыруар қаржыны Ұлттық палата қандай қажетіне жұмсамақ? Білуімізше, бұл миллиардтаған сома. Міндетті жарна төлеген болсақ, палатаның тарапынан нақты қандай көмек аламыз? Оның үстіне, бұл қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымның ешбір азаматты өз қатарына күштеп кіргізуге құқы жоқ», – дейді бизнес өкілдері.

Күні кеше ғана Ұлттық палатаның съезі өтті. Жиында Абылай Мырзахметов бастаған палата басшылары рубльдің әлсіреуіне байланысты ішкі нарықты қорғау мақсатында одақтас елдерден келетін тауарға уақытша сауда шектеуін енгізу қажеттігін айтты. Әлсіз салаларға субсидия бағыттау мәселесі сөз болды. Отандық өндірушілерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың байқауына мейлінше көптеп тартудың жолы қарастырылды. Ұлттық палата отандық өндірушілердің байқауға қатысуына кедергі болатын мәселелерді шешудің бірқатар жолдарын ұсынды. Былайша айтқанда, біраз мәселе талқыланды.

Әйткенмен, кәсіпкерлердің мүшелік жарнаға және осынау ұйымға еркінен тыс енуіне қатысты жанайқайын Абылай Мырзахметов естімеген сықылды. Бұл тарапта «Қазақстан блогерлер альянсы» қоғамдық ұйымының президенті Ғалым Байтұқ және кәсіпкер Жанна Ильичева аталған мәселе қатысты өз ойын ортаға салған болатын.

 

Ғалым БАЙТОҚ, «Қазақстан блогерлер альянсы» қоғамдық ұйымының президенті:                                      ТАҢДАУ ЕРКІНДІГІ БАР МА? 

[caption id="attachment_8858" align="alignleft" width="339"]Галым байтук (3) Ғалым Байтоқ: Міндетті мүшелік жарна, бұдан бір де бір кәсіпкер қашып құтылмайды.[/caption]

– Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бағдары дұрыс – бизнесті қолдау. Әттең, әдіс-тәсілі жетілмеген. Бір: бұл қоғамдық ұйым. Ата заңда қоғамдық ұйымның жұмысына мемлекет араласпайды дейді. Екі: бұл міндетті мүшелік, яғни, кәсіпкердің бас тартуға құқы жоқ. Қаладың, қаламадың, автоматты түрде осы палатаның мүшелігіне енесің.  Сонда таңдау еркіндігі, ойлану мүмкіндігі қайда? Айталық, адам балықшы болғысы келсе, балықшылар одағына кіруге тиіс емес қой? Ал палата барлық кәсіпкерді ұйымға кіргізіп қойды. Үш: бұл жарна. Міндетті мүшелік жарна! Ірі бизнес жылына шамамен 5 млн. теңге, ал орта бизнес 300 мың теңге төлеуге тиіс. 5 жылдан кейін шағын бизнес те жарна төлейді. Бұдан бірде-бір кәсіпкер құтылмайды.  Оны жарна төлеуге мәжбүрлеу қисынды ма? Жарайды, ірі бизнестің мұртын балта шаппас. Шағын-орта бизнес қайтпек? Палата бұлардың келісімін де сұраған жоқ. Жалпы, шағын кәсіпкерге осы палатаның көмегі керек пе өзі?
Президент дамыған 50 елдің қатарына кіруді міндеттеді. Соның бір талабы – бизнесті дамыту. 2013 жылғы Дүниежүзілік банктің рейтингінде осы елулікке енуге аз қалдық. Шамамен 53-ші орында болдық. Ал 2014 жылы 77 орынға түсіп кеттік. Неге екенін білесіз бе? Мұның бір себебі, біздің кәсіпкерлер төлейтін жарнаны Doing business бизнестің үстінен салынған қосымша салық ретінде қарастырған.  Бұл – 2 балл.

Президент: «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту керек», – дейді. Кәсіпкерлер халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың қабырға көтеруіне көмектеседі. Айталық, менің туған жерім Солтүстік Қазақстанда палатаға жылына 300 мың теңге жарна төлейтін 100 шақты орта кәсіпкер бар. Ал әр әкімнің өз өңірінде арқа сүйейтін бірнеше кәсіпкері болады. Бұдан кейін олар әкімнің бір жағына шығуы, былайша айтқанда, әлеуметтік жобаларға азын-аулақ болса да қаржы құюы мүмкін бе? Орта кәсіпкер үшін 300 мың көп ақша. 100 кәсіпкерден жиналатын 300 мың теңгені жинақтасақ – 30 млн. теңге. Ал бұған 30 футбол алаңын салуға бола ма? Болады.  Сайып келгенде, палата жарналық тәртіпті енгізу арқылы әлеуметке бағытталуы мүмкін қаржыны халықтың аузынан жырып отыр. Мырзахметов «бұл шетелден алынған үлгі» дейді. Айдаладағы Австрияның тәжірибесінде бар-мыс... Бірақ о жақта «бір терезе» қағидасы бар ғой. Кәсіпкер қағаз-құжатқа қатысты бүткіл ісін бір жерде бітіріп кетеді. Тағы бір жайт. Президент дамыған 50 елдің қатарына кіруді міндеттеді. Соның бір талабы – бизнесті дамыту. 2013 жылғы Дүниежүзілік банктің рейтингінде осы елулікке енуге аз қалдық. Шамамен 53-ші орында болдық. Ал 2014 жылы 77 орынға түсіп кеттік. Неге екенін білесіз бе? Мұның бір себебі, біздің кәсіпкерлер төлейтін жарнаны Doing business бизнестің үстінен салынған қосымша салық ретінде қарастырған.  Бұл – 2 балл.

Палатаның жылдық бюджеті (кәсіпкер жарнасының есебінен) 14 млрд. теңге.  Бұл бір облыстың бюджетіне пара-пар. Ал Мырзахметов: «Былтыр  бар болғаны 6 млрд. теңгенің басын құрай алдық», – дейді. Яғни, жоспар орындалмады, біраз кәсіпкерлер жарна төлемеді деп отыр. Неге? Себебі, оларда жарна жинау туралы жүйе жоқ. Бірақ, бұл да келеді. Естуімше, олар жарна жинауды салық органдарына тапсырмақ екен. Ал бұл барып тұрған нонсенс.




Жанна ИЛЬИЧЁВА, кәсіпкер: МҮШЕЛІКТЕН БАС ТАРТА АЛАМЫН БА

[caption id="attachment_8859" align="alignright" width="274"]936820_359877950778704_58445968_n Жанна Иличьева: Тегін дүние жоқ.[/caption]

– Маған Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан тілімдей хат келді. Хатта 296 мың 320 теңге төлеуге тиісті екендігім көрсетіліпті. Білгенімдей, бұл міндетті мүшелік жарна көрінеді. Бұлтартпайды. Бір қызығы, мен Ұлттық палатаға осы ұйымның құрамына өтетінім туралы қандай да бір арыз жазған жоқпын. Яғни, ұйымға өз еркімнен тыс қабылданған болып тұрмын.

Ал жарнаның жайы бір бөлек. Бәлкім, ақшаның қайда бағытталарын нақтылап көрсеткісі келді ме, ондағылар (палатаны айтамын) шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған тегін қызметтердің тізімін қоса тіркеп жіберіпті. Білгіңіз келсе, мұның қандай, нендей көмек екенін тарқатып айта кетейін. Сонымен...
 1-ші: бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен байланысты қызметтер.
 2-ші: кедендік рәсімдер қызметі.
 3-ші: ақыл-кеңес беру және менеджмент жүйесін кіріктірудің қыр-сырын үйрету.
 4-ші: заңдық қызмет көрсету.
5: маркетингтік қызметтер.
6: ақпараттық технологиялар бойынша ақыл-кеңес беру қызметі және

7-шісі ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сатып алуымен байланысты қызметтер.
Білгенімдей, егер кәсіпкер мүшелік жарнаны төлемеген болса, басына «қара бұлт» төнбейді. Бірақ бұл уақытша... Ертеңгі күні жаңа Қаулы қабылдап, жарнаны төлеуді заңдық тұрғыдан бекітіп қоюлары да ғажап емес. Ал төлемеген жағдайда өсімақы қосылса, оған да таңқалмаңыз.

Міне, сіз төлеуге тиісті міндетті мүшелік жарна (300 мың теңге) осыған кетеді. Менің білуімше, аталған жарнаны төлеуден бас тарту заңнамалық тұрғыдан әлі күнге дейін реттелген жоқ. Сондықтан менің Ұлттық палата және оның басшыларына қояр бірнеше сауалым бар:

Егер мен палата мүшелігінен бас тартып, ұйымның қатарынан шыққым келсе, мұның арты неге әкеп соқтыруы мүмкін (мен үшін)?  Екінші, мүшелікті міндеттеудің қажеті қанша? Егер мен кәсіпкер ретінде палата мүшелігіне өтуді қаласам, яғни, ұйымға кіруге қажеттілік болса, мен оған өз еркіммен өтер едім ғой? Мұның тағы бір күдікті тұсы: келісімшарт қайда? Палата менің ұйым мүшелігіне қабылданғаным туралы келісімшартты жіберудің орнына, бірден мүшелік жарнаны төлеудің есебін салып жіберген екен.

Білгенімдей, егер кәсіпкер мүшелік жарнаны төлемеген болса, басына «қара бұлт» төнбейді. Бірақ бұл уақытша... Ертеңгі күні жаңа Қаулы қабылдап, жарнаны төлеуді заңдық тұрғыдан бекітіп қоюлары да ғажап емес. Ал төлемеген жағдайда өсімақы қосылса, оған да таңқалмаңыз.

Сосын тегін қызмет көрсетуге қатысты тізімнің күдікті тұстары көп. Оған қарағанда мен есепшімді жұмыстан қуып, кедендік брокердің, заңгердің және ІТ маманының көмегінен бас тартып, бүкіл жұмысты ҰКП-ға артып қоюыма болады екен. Ол өз алдына, палата менің компаниямның жарнамасын жасап, менің атымнан мемлекеттік сатып алуға қатысатын көрінеді. Әй, қайдам... Қазір өмірде тегін жатқан дүние жоқ қой.

Әзірлеген, Думан БЫҚАЙ


Рекомендовать
Последние новости