Жаңа министрлік

Dalanews 13 сент. 2016 15:30 833

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жаңадан құрылған ведомство немен айналысатынын айтып берді.

– Қайтадан құрылған министрлік құзырына азаматтардың діни бостандығын қамтамасыз ету, соның ішінде қандай да бір ауытқулардың алдын алу және жұмысты үйлестіру, үкіметтік емес сектормен, қоғамдық ұйымдар мен жастар саясатын жүргізу кіреді, – деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұxбатында.

"Бүгінде өзектілігі артып отырған, қоғам үшін маңызы жоғары бағыттарды жақсарту қажеттілігі болатыны сөзсіз, сондықтан да болар Үкімет пен азаматтық қоғамның жұмысын тиімді ету үшін, Ұлт жоспарында белгіленген мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін осындай шешім қабылданған болар", – деді Н. Ермекбаев.

ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Оның басшысы болып Нұрлан Ермекбаев тағайындалды.

Жаңа министрліктің құзырына Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің дінге, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты бірқатар функциялары берілді.

Рекомендовать
Последние новости