Жаңа мешіт? Оның аумағында қоғамдық кеңістік ашылады - Көлгінов

Dalanews 12 июн. 2022 15:00 733

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жеке парақшасында жаңа мешіттің алдында қоғамдық кеңістік ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа мешіттің кіреберіс аллеясының алдында қоғамдық кеңістік ашылады. Қазір бұл жерде аббаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін уақытты тиімді өткізуге болатын тартымды орындардың біріне айналады. Қоғамдық кеңістік Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары және Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасқан.

Орталық аллеяда ұзындығы 300 метр болатын субұрқақ орналасқан, сол сияқты көлеңкелі шатырлар, шағын сәулет нысандары орнатылады әрі маңайы ауқымды түрде көгалдандырылады.



Жаяу серуендеу, демалысты тыныш орында өткізу жағдайы, көлік тұрақтары және т.б. орындар қарастырылған.

Жыл сайын аумақты қосымша көгалдандырып, қоғамдық кеңістікті жақсартатын боламыз. Ол кезең-кезеңімен абаттандырылған үлкен саябаққа айналады.


Мешіттің өзіне келетін болсақ, ол еліміздегі және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып есептеледі. Негізгі күмбезінің биіктігі – 90 метр, мұнаралары – 130 метр. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға арналған. Мешіттің құрылысы демеушілік қаражат есебінен жүргізіліп жатыр», – деп жазды елорда әкімі.

Рекомендовать
Последние новости