Жаңа Конституция жобасында сөз еркіндігі мәселесі пысықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл туралы 23-бапта жазылған:
1. Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi.
2. Зияткерлік меншік заңмен қорғалады.
3. Мемлекеттік құпияларды қоспағанда, еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер тізбесі заңда айқындалады.
4. Сөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс.
5. Цензураға тыйым салынады.
6. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумақтық тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға, сондай-ақ арандату әрекетіне және оған шақыруға жол берілмейді.
