Жалған ақшадан қорғаныс ескіріп барады: неге Ұлттық банк банкнот дизайнын жиі өзгертеді?

Көркем Алдабергенова 09 сент. 2025 16:41

Ұлттық банк теңге дизайнын тұрақты түрде жаңартуды банкноттардың жалған ақша жасаудан қорғаныс деңгейін арттырумен түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақ Елі» сериясынан «Сақ стиліне» дейін

Редакцияның ресми сауалына берген жауабында қаржы институты қолданылып жүрген қорғаныс элементтерінің «өмірлік цикліне» байланысты банкнот дизайнын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілетінін айтты.

"Мысалы, 2011 жылдан айналымда жүрген «Қазақ Елі» сериясындағы банкноттардың кейбір қорғаныс элементтерін бүгінде қолдан жасаушылар имитациялай алады. Бұл – дизайнды және қорғаныс элементтерін қайта қарауға алғышарттардың бірі", – деп мәлімдеді Ұлттық банк Informburo.kz-ке.

Сондай-ақ, банкнот дизайнын өзгерту – әлемде кең таралған тәжірибе екені атап өтілді.

«Сақ стилінің» мақсаты қандай?

Жаңа «Сақ стилі» сериясының басты мақсаты – ұлттық валютаның қорғаныс деңгейін арттыру, қолданыстағы ыңғайлылығын жақсарту, сонымен бірге Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау.

5000 теңгелік жаңа дизайндағы банкноттар алғаш рет 2023 жылдың желтоқсанында шығарылды. Ал жаппай айналымға 2024 жылдың наурызында түсті. Бұл банкноттардың негізгі ерекшелігі – олардың көлемінің кішірейгені. Соның арқасында оларды сақтау және тасымалдау әлдеқайда ыңғайлы болды.


Рекомендовать
Последние новости