«Гүл шаһары – Астана» фестивальі өтеді

Dalanews 04 июл. 2023 10:20 1719

Астананың 25 жылдығына орай 5-6 шілде күндері ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Gul Astana ECOURBAN OPEN AIR гүл фестивалі өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын экоқозғалысқа жұмылдыруға және қайта өңделетін шикізатты өңдеудің маңыздылығын көрсетуге, елорданың экобелсенділерін біріктіруді көздейді.

Фестиваль продюсері Майра Измайылованың айтуынша, іс-шараға қатысушылар үшін қоғамдық ұйымдар мен олардың қызметіне арналған тегін интерактивті орындар ашылатынын алға тартты.

Мұнда қаланың жасыл картасы көрсетіліп, белсенді азаматтарға қалада көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктер жетіспейтін орындарды көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай орындарға фестиваль қатысушылары картада арнайы белгі соға алады.

Өз кезегінде Астана қаласы әкімдігінің Урбанистика басқармасы қала тұрғындарының ұсыныстары елорданы көгалдандыру мен абаттандыруды жоспарлау кезінде ескеретін болады.


Іс-шара барысында Қазақстанның табиғи аймақтарының ландшафтында безендірілген киіз үйлер, гүл аймағын безендіру бойынша флористер байқауы ұйымдастырылады.

Сол сияқты сүйіктісіне жүрек сезімін білдіру бойынша ILOVE фотоаймағында да байқау ұйымдастырылып, БАӘ-ге екі адамға жолдама ойнатылады. Қапы қалмаңыздар.

Сонымен қатар шараға қатысушылар үшін білім беру және эко мастер-класстар өтеді деп күтілуде. Ресайклинг (қалдықтарды қайта өңдеу және туындылар мен өнер объектілерін пластиктен жасау) және велосипедпен жүру (олар үшін жаңа функционал жасай отырып, материалдар мен заттарды қайталама пайдалану) шарасы да өтетінін айта кетуіміз керек.

Сондай-ақ, фестиваль барысында флористер мен суретшілер, сәулетшілер арасында жарияланған «Гүл шаһары – Астана» байқауы қорытындыланады.

Гүл фестивалінің ресми ашылуы 5 шілде күні сағат 10:00-де ЭКСПО алаңында өтеді, кіру тегін.

Рекомендовать
Последние новости