Google Ресейдегі кеңсесін жауып, жұмысын тоқтатты

Dalanews 18 мая 2022 15:34 857

Google компаниясы өзінің банктік есеп-шоты бұғатталғаннан кейін Ресейде жұмыс істеудің мүмкіндігі қалмағанын айтып, жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Компанияның өкілдері «Google Россия» компаниясының есеп-шоты бұғатталды. Мұндай жағдайда біздер қызметкерлерге еңбекақы төлей алмаймыз. Сол себепті Ресейдегі жұмысымызды тоқтатып, кеңсемізді жабуға мәжбүрміз» деді.

Google компаниясы Ресейде жұмысын тоқтатқанымен қарапайым «Іздеу», YouTube, Gmail, «Карты» және Google Play сынды қосымшаларын тегін пайдалану мүмкіндігін қалдырғанын айта кетуіміз керек.

Рекомендовать
Последние новости