Ғаббас Қабышұлы: "Әміржанның ар-ұяты білсін"

Dalanews 20 июн. 2017 10:14 934

Жақиянов пен Ерғалиеваның арасындағы дау жанжалға ұласа қойған жоқ әзір. Бірақ, қазіргі сөзсойқан соған әкелетін сыңайлы. Мұны сезген жазушы Ғаббас Қабышұлы екі тарапқа басу айтып, Гүлжаннан бір ашуын біреуін сұрапты. Ақсақал әлеуметтік желіде жоқ, сондықтан хатты Жұмаш Кенебайдың Фейсбуктегі парақшасы арқылы жолдапты. Тыңдар ма екен, құлақ асар ма екен? 

Ғаббас ақсақал алыстан орағытыпты. Айтпақшы, бұл Гүлжанға жазған екінші хатына ұқсайды. Алғашқы хаттың мазмұны да осыған ұқсас-тұғын. 
"Екеуің өзара келісім табыңдар, үшінші біреулерге – сендерге жамандық тілейтіндерге күлкі болмаңдар, біріңнің қатең болса, екіншің кешіре біліңдер дедім. Сенің сондағы дұрыс сөзіңе шын сендім. Бірақ…"

депті Қабышұлы. 



Мұнысы дұрыс та шығар. Ғалымжанның да, Гүлжанның да дұшпандары көп. Табалауы мүмкін. Күлкісіне қалуы да ғажап емес. Қалған да шығар... 

"Сенің фейсбугыңда «Ғалымжанды құртамын!» деп қайта-қайта жазып жүргеніңді айтты. Оның не? Соттастыңдар, олар қарызды бөліп-бөліп төлейтін болды. Бір күнде төлей алмайтындарын мен де білемін. 




Гүлжан, сенен тағы да өтінерім: Ғалымжандарды жамандағанды, жау болғанды тоқтатуды ойла.



Хамит аға мені інісіндей жақсы көретін. Сол ардақты ағаның аруағын қызы сен сыйла, інісі мен сыйлайын. Постарайся меня понять, Гульжан Хамит аға қызы!" депті Ғаббас ақсақал.



Айтпақшы, айта кетелік. Ғалымжан мен Қарлығаш Жақияновтар және Гүлжан Ерғалиева арасында біраздан бері ақша дауы жүріп жатыр. Гүлжанның өз ақиқаты бар. Ал Жақиянов жақ ашқан жоқ, бір білсек. Ғалымжанның өзі бұған жауап қатты деген естімеппіз. 


Ақсақалдың айтуынша, екі жақтың бітімге келуіне қарсы, мүдделі емес тараптар та бар. Жазушы әлеуметтік желіде отырмайды.  Қарсылар туралы, мүдделі еместер туралы Қабышұлына Фейсбукте отыратын қаламдас інілері айтқан. 


"Мысалы,
Әміржан Қосановты білесіз ғой, сол фейсбугінде Гүлжан Ерғалиеваны бірыңғай мақтап, Жақияновтарды даттап жазып жүр. Меніңше, ол өйтетіні өзіне жараспайтынын ойламайды, Ерғалиеваны жақтай беруге міндетті сияқты.

Сонда Ғалымжан мен Қарлығаш Жақияновтар оған нендей жаманшылық жасады екен? Кеше ғана Ғалымжанды биліктің қиянатынан қорғасқан еді, енді бүгін биліктің сойылын соға бастағаны ма, аға, ол қалай?» деді.

Мен не дерімді білмей қалып: "Бауырым, Гүлжанның: «Ғалымжанды құртпай қоймаймын!" деп жүргенін естіп, былтыр ол қарындасыма өкінішті хат жазғанмын, ар-ұятты ақшамен есептеу жөн емесін айтқанмын.

Гүлжан екі күннен кейін телефон шалып: "Ғаббас аға, айтқаныңыз дұрыс, енді ренжімеңіз, біз өзара дұрыс келісім жасаймыз» деген. Ал сенің айтуыңша, Гүлжан тағыда «құртамдап» жазып жүрсе, оған фейсбугі бар сенімді інілерім арқылы екінші хатымды ашық жолдаймын
ал Әміржан Қосановпен шүйіркелесіп әңгімелесіп көрген жоқпын, бірақ сәлемі түзу.

Ол мына шатаққа беталды кірісіп, Гүлжанды сыңаржақтана мақтап, жақтап жүрген болса, онысын өзінің арына тапсырдым" дедім" дейді Ғаббас ақсақал.

 

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ


Рекомендовать
Последние новости