Ескінің жұрнағы: Лениннің 100 жыл тұрған ескерткіші құлады

Сағыныш Сардарова 08 нояб. 2024 15:39 2977

Павлодарда дауыл соғып, Лениннің 100 жыл тұрған ескерткіші құлады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оқиға 8 қарашаға қараған түні болған. Қатты жел ағашты құлатқан, ал ол Ленин ескерткішіне түскен.

"Дауыл салдарынан Ленин ескерткішіне ағаш құлады. Тұғырынан құлаған мүсін бөлініп қалды, қалпына келтіруге келмейді", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігі өкілі.

Ленинге арналған бұл ескерткіш 1928 жылы шілдеде ашылды.

Сквер Астана - Толстой көшелері қиылысында орналасқан, қаладағы ең көне көшелердің бірі саналады. Тұғыр мен мүсін соңғы рет 2022 жылы күзде павлодарлықтардың ақшасына жөнделді.

Айта кетейік, кейінгі бірнеше күн бойы Павлодарда ауа райы бұзылды. Салдарынан ағаштар құлап, көліктерді зақымдады. Тіпті кеше бір зейнеткер мерт болды.

"1957 жылы туған әйел зардап шекті. Өкінішке қарай, зардап шеккен адам алған жарақаттарынан қайтыс болды: екі балтырдың, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, ішкі мүшелерінің жарақаттары, 3-4-дәрежелі травматикалық шок", - деп хабарлады бұған дейін Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.


Рекомендовать
Последние новости