Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен салтанатты жиынға қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекеттік кеңесші бірегей білім ордасының тарихи маңызына, Президенттің бастамасымен қолға алынған ілкімді істерге тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елде ауқымды және терең өзгерістер жүріп жатыр. 2029 жылға дейін инфрақұрылым жүйесін жаңартуға қатысты кешенді жоспар қабылданды. Тек биылдың өзінде 6 мың шақырымнан астам инженерлік-коммуникация желісі жөнделді және 12 мың шақырым жол жөндеуден өтіп, салынып жатыр. 3 әуежайдың жаңа терминалы іске қосылды.
Биыл 100-ден астам мектеп салынды, соның ішінде 53 жайлы мектеп бар. Соңғы он жылда рекордтық астық жиналды. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, биыл жалпы құны 1,27 триллион теңге болатын 169 кәсіпорын іске қосылды. 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан жоспарлы, жүйелі жұмыстың нәтижесі, – деді Мемлекеттік кеңесші.