Ерке Есмаханның ісі сотқа жолданды

Dalanews 08 дек. 2017 07:11 951

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген шоу-бизнес жұлдыздарын сотқа берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында көлік салығын төлемегендер бар. Жұлдыздар 400 мың теңгеден аса салық төлемеген. Атап айтқанда, әнші Ернар Айдар – 205,1 мың теңге, Рано Умарова – 88,8 мың теңге, Жеңіс Ысқақова – 73,2 мың теңге, Ерке Есмахан – 41,1 мың теңге берешек.

– Бұл азаматтарға қатысты іс материалдары жинақталып, сот органдарына берілді. Сот органдары қарызды өндіру туралы үкім шығарды, – деді баспасөз қызметінен. Салық қарызы туралы ақпаратты электронды сервис арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады.

Қалалық департамент 31 желтоқсанда 2017 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап көлік салығы төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы мәлімет  бойынша  90 мың Алматы тұрғыны 4,2 млрд теңге қарыз. Оның ішінде 19213 борышкердің ісі сотқа жіберілді. 3 653 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. 2849 адамның мүлкіне тыйым салынды.

 

Рекомендовать
Последние новости