Ерке Есмахан: «Қазақ әлемдегі ең сұлу ұлт!»

Dalanews 28 июл. 2016 04:46 1777

Әнші әдетте жұмыстан өзгесіне қолы тимейтінін айтады. Десе де, қолы қалт етсе ерінбей өзге қыздардың парақшасын бақылауға кіріседі екен. Мұның себебін өзі ашып түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Бірнеше апта бұрын Ерке Есмахан инстаграм парақшасында желі қолданушыларына уәде берді. Бұдан былай селфи суреттермен шаршатпайтынын, тек мәнді де мағыналы жазба жазатынын айтты. Енді міне әнші іске кірісіп, әртүрлі тақырыптағы жазбасын бөлісіп жатыр.

– Қазақ xалқы ең сұлу ұлттың бірі дер едім. Мен үшін кәрістердің бәрі бір-бірінен аумайтындай көрінеді. Орыстар да солай. Ал, қазақтар бір-біріне ұқсамайды. Бәрі өзінше ерекше. Мүмкін, менікі жай “әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне” шығар?! Десе де қаны ең таза қазақ ұлтының өкілдерінен сұлулық көремін. Инстаграмда қазақ қыздарының парақшаларын қарап отырмын. Бірі бірінен өткен сұлу ғой, – дейді Ерке Есмахан.

Әншінің бұл жазбасын оқыған қазақ қыздары қуанып қалды. Алғыстарын айтып, әншіні жақсы көретіндіктерін жеткізді. «Сөзіңізге толықтай қосыламын», «Жақсы айттыңыз! Нағыз қазақ қызына сай сөздер болды», «Өзіңіз де өте әдемісіз», «Бәрекелді, өте салмақты тұжырым жасадыңыз» дейді олар.

Өзін ерекше жақсы көретінін әншінің өзі де айтып өтті. Және өзгелерді де өзін бағалауға шақырды.

– Мына әйбат қызды-ай! Құдай бере салған ғой өзін! Айнадағы тәлпіштен айналады! Аяғын алдыға шығарып тұрады өзі. Әке-шешесінің еркесі мен жүрегі… Өз-өздеріңізді жақсы көріңіздер, әр жетістіктеріңізді бағалаңыздар! Сонда айналаңыздағы адамдар да жақсы көреді, – дейді әнші.

Еркенің бұл сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар алдағы уақытта кеңесіне құлақ асып, өмірлеріне өзгеріс енгізетіндерін айтып жатты.

Рекомендовать
Последние новости