Энергия үнемдейтін шамдар – 5 есе аз қуат жұмсап, 8 есе артық қызмет етеді

Dalanews 23 окт. 2022 03:48 1917

Соңғы уақыттары елiмiзде энергия тапшылығы күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан әрбір азаматтың қуат көзін тиімді пайдалану маңызды. Дәл қазір Қазақстанда энергия үнемдеу мәдеиениеті қалыптасуда. Энергия үнемдеу мәдениеті экологиялық мәденеитті қалыптастыратыны айтпаса да түсінікті.

Мамандардың пайымдауынша, елімізде қуат көзін үнемдеу ісіні күн тәртібіне шығуына ірі кәсіпорындардағы құрал-жабдықтардың ескіру мен халықтың қуат көзін ысырапсыз пайдаланылуы себеп болғанын алға тартуда.

Бүгiнде осы мәселенің алдын-алу үшiн энергетиктер түрлi жолдарды қарастыруда. Энерготиiмдiлiк және таза өнеркәсіп орталығының мамандары Алматы қаласындағы үлкен ғимараттар жарық энергиясын 20-25 пайызға артық пайдаланатынын анықтады. Жалпы, бұл жалғыз Алматыдағы жағдай емес. Еліміздің барлық өңірінде кездесетін жайт десек болады. Біздер ысырапсыз кетіп жатқан электр қуатына тиiстi деңгейде бағалап, есеп жүргізуді үйренімуіміз керек. Яғни, энергия аудиті жүргiзген жөн.

Бүгінде елімізде энергия аудиті жүргiзетін мамандар тапшы. Ал, бір ғимаратқа кететін жарық шығынын есептеп шығу үшін біраз уакыт керек.

Бүгінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-і қуат көзін елiмiздiң Батыс Шығыс аймағының өндiрушiлерiнен, Орталық Азия елдерiнен, Жамбыл ГРЭС-інен сатып алады. Жаз айларында Жамбыл ГРЭС-і су тапшылығына орай электр энергиясын өндіру ісі қиындай түсетіні жасырын емес.


Осыған дейін Қазақстан қуат көзін пайдалану жағынан ТМД елдерiнiң iшiнде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеген еді. Ресей мен Украинаның арасындағы қақтығыстан кейін Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынға көтерілгені анық. Өйткені соңғы айларда Ресей Украинаның энергтеикалық нысандарын зымырандармен атқылап, олардың 50-60 пайызын істен шығарғады.

Бүгіде Қазақстанға қосымша электр стансыларын салудан өзге амал жоқ. Алайда тағы бір қосымша, әрі жалпыға ортақ, тиiмдi амалдың бiрi жарық үнемдеушi шамдарды қолдануды ел азаматтары күнделікті өмірде әдетке айналдыру керек. Бүгінде Алматының барлық мекемелері энергия үнемдеушi шамдарға көшіріледі. Кез келген адам қаламыздың көшелерінде қуат үнемдейтін шамдар орнатылған көре алады.

2007 жылы елімізде «Энергия үнемдеу бағдарламасы» қабылданған болатын. Осыған орай, алғашқы болып оңтүстік астанамыздың ғимараттар энергия үнемдейтін шамдарға көшкен-ді. Нәтижесінде, әр жылдың қорытындысымен салыстырғанда 494 мың кВт/сағ жарық аз жұмсалған.


– Біздің Қазақстанда электр энергиясын үнемдеушi заттардың бірі жарық үнемдеушi шамдар. Бұл шамдардың осыған дейінгі шамнан айырмашылығы 5 есе аз қуат жұмсап, 8 есе артық қызмет етеді. Меніңше, бұл Қазақстан үшін өте тиімді бағыт. Себебі, елiмiзде электр қуатының жетіспеушілігі баршамызға мәлім. Біздің пайдаланып келе жатқанымызға он жылға таяп қалды. Дегенмен, оның люмицентті, суық және ақ түстi деген түрлері бар. Люмицентті шамның көзге зияны да бар. Тұтынушылардың күн сайын көбейіп келе жатқаны бұл шамның сапасының жоғары, әрi тиiмдi екенiн көрсетеді. Ал, сапасы жақсы, бірақ дағдарыстың әсерінен өз сапасын да жоғалта бастағандай, – дейді «Эска Базис» құрылыс компаниясынын инженер-энергетигі Болат Сатылғанов.

Мамандардың айтуынша, бұл шамдар елімiзге Германия, Түркия, Қытай елдерiнен келеді. Сапалы, бағасы да жүйелі болғандықтан халықтың дені қаламыздағы түріктің «Тексан» дүкенінен алады.

Түрік шамдары 520-650 теңге, Германия шамдары 1000-1200 теңге болса, Қытайдан келетін шамдар 350-400 теңгені құрайды.

Ал, үйіміздегі кәдімгі шамның құны 50-60 теңге болғанымен, 5-6 есе шығынға батырады. Қаладағы тек үлкен ғимараттар ғана емес, қарапайым тұрғындар да осы үнемдеушi шамды пайдаланса нұр үстi не нұр болар еді. Себебі, қазіргі уақытта коммуналдык кызмет ұсынушы мекемелер тарапынан шығынды азайтуға байланысты бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Рекомендовать
Последние новости