Еңбекшіқазақ ауданына инфекциялық ауруларды анықтайтын жабдық сыйға тартылды

Dalanews 20 мая 2020 13:34 876

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасы жоғары сападағы медициналық құралмен жабдықталды.

Инфекциялық аурулардың диагностикасын анықтау мақсатында алынған медициналық жабдықтың құны 53 млн теңгеден асып жығылады. Облыстағы денсаулық сақтау саласының жағдайының жақсаруына Алматы облыстық «Birgemiz Jetisy» қоры жәрдемдескенін айта кетуіміз керек.

Заманауи құрылғы бір мезгілде 96 сынамада 5 нысанаға дейін мультиплексті талдау жасай алады.


Жұқпалы ауруларды диагностикалауға арналған құрылғылар «Құмсуат Фарм» ЖШС-дан сатып алынған. Ондағы CFX96 Real-Time PCR Detection System нақты уақыт режимінде ПЦР тәсілімен нуклеин қышқылын детекциялауға арналған.

Медициналық жабдық «Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасы» ШЖҚ МҚК қолданысына берілді.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

https://dalanews.kz/53091

Рекомендовать
Последние новости