Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Олар мына облыстарды тұрады:
- Қарағанды облысында 7,
- Ақмола облысында 6 адам,
- Қостанай облысы мен Астанада әрқайсында 3 азаматтан,
- Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында әрқайсында 2 адамнан,
- Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан.
Мәліметке сүйенсек, 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі - Қазақстан.
Ал жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.