Елімізде екі банк ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге карталар беруді уақытша доғарды

Кәмшат Тілеухан 22 янв. 2025 12:38 183

Қазақстандық банктер ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге арнап банк карталарын шығаруды тоқтатты. Атап айтқанда, Kaspi Bank және Home Credit Bank шетелдік азаматтар үшін банк карталарын рәсімдеуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы РБК осы ұйымдардың клиенттік қолдау қызметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

"Home Credit Bank шетелдіктерге карталар беруді белгісіз мерзімге дейін тоқтатты", делінген банктің хабарламасында.

"Каспий банк бейрезиденттерге арналған карталарды шығаруды 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін тоқтатты, осы мерзім өткеннен кейін резидент еместерге банк картасы тек бір жыл мерзімге шығарыла бастайды. Бұл ретте ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін берілген барлық карталардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жарамды екенін ескертеміз", деп нақтыланады банк сайтындағы клиенттерге арналған ақпаратында. 

Яғни, мұндай шешім ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) бір жылдан астам мерзімге елімізде тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдіктерге карталар ашуға тыйым салған қаулысымен байланысты екені айтылады. Жаңа ереже қолданыстағы карталарға қолданылмайтыны да нақтыланады.

Бұған дейін Қазақстанда бейрезиденттердің банк картасының қолданыс мерзімі бір жылмен шектелетінін жазған болатынбыз.


Рекомендовать
Последние новости