Елдегі қазақтардың үлесі 70,7 пайызға жоғарлады

Dalanews 09 мая 2023 05:23 1226

Қазақстанда 2023 жылдың басында қазақтардың үлес салмағы 70,65 пайызға жетті. Ұлттық бюро статистикасының жыл сайынғы бюллетенінде көрсетілген. Осылайша елімізде қазақтардың жалпы саны 14 миллионға жуықтаған.

Ақпаратқа қарағанда, Тәуелсіздік жылдары республикада қазақтардың саны жуықтап алғанда екі есеге өсіп (Кеңес одағында 1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша 39,7%), 70,65 пайызға жеткен.

Қазір бес аймақта қазақтардың үлесі 80 пайыздан көп: Астана (81,09%), Ақтөбе облысы (85,26%), Маңғыстау облысы (91,36%), Атырау облысы (92,95%) және Қызылорда облысы (96,12%).

Солтүстік Қазақстаннан басқа аймақтардың барлығында-дерлік қазақтардың үлесі басым. Солтүстік Қазақстанда орыстардың үлесі (49 пайызы – орыстар, 35 пайызы – қазақтар) көбірек.

Елде саны жағынан екінші орында – орыстар (3 млн адам – Қазақстан халқының 15,2 пайызы), үшінші орында – өзбектер (643,3 мың немесе халықтың 3,25 пайызы), төртінші орында – украиндар (380,2 мың немесе халықтың 1,92 пайызы), одан кейін ұйғырлар (297,1 мың немесе халықтың 1,5 пайызы) тұр.


2021 жылы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі бойынша, Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жеткен. Ол кезде қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жеткені айтылған еді.

2009 жылғы халық санағында қазақтардың үлесі 63,1 пайыз болған.

https://dalanews.kz/aimak/89000-elimizdegi-suarmaly-zherding-4-1-boligi-tu

https://dalanews.kz/news/88987-tulkibasta-64-myng-gektar-zherge-auyl-sharu

 

Рекомендовать
Последние новости