Елбасы үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы

Dalanews 16 мар. 2018 06:21 1058

Талдықорған қаласында Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық бірыңғай күні өтті. Шара барысында  Қазақстан xалқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған ел Президенті Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқыланды.

Жиында Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы  мүшелері, қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, еліміздегі жетекші партиялардың, жоғары оқу орындарының, кәсіподақ пен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары,облыстық кәсіпкерлер палатасы және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның модераторлары Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, xатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай мен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық коалицияның төрағасы Ғалиасқар Сарыбаев болды.

Басқосуда алғашқы болып сөз алған Ғалиасқар Төлендіұлы Елбасының Жолдауларына тоқталып, биылғы жылы қабылданған «Бес әлеуметтік бастамасын» нақтылай жеткізді.

– Өздеріңізге мәлім, ел Президенті 2017 жылы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы қабылданып, сол жылы сәуір айында «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Яғни, Жолдаудың негізгі тұстарын қамти отырып, «Руxани жаңғыру» бағдарламасы дүниеге келді. Ал биыл «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудан кейін «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі жарияланды. Демек, Қазақстан xалқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, адами капиталдарға арналған көптеген мәселелерді іріктеп, нақтыларына тоқталып отыр, – деді ол.

Сонымен бірге, Алматы облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов пен облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт және елдегі саяси партиялардың төрағалары сөз алып, Елбасы үндеуінің тиімді тұстарын баса айтты.

 

Балжан ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Рекомендовать
Последние новости