Елбасы тапсырмасы аясында: Кентауда 285 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді

Dalanews 08 дек. 2018 06:48 799

Қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы бұқаралық спортпен қамтылуы керек.

Мемлекет басшысының атқарушы билікке алты жыл бұрын берген тапсырмасы Кентауда да тиянақты қолдау тапқан.  Кенді шаһарда күні кеше қос бірдей спорттық алаңша ашылған болатын. Барлық талапқа сай салынған спорттық нысанда алғашқы ойын – футбол ойналған еді.

Қазіргі таңда Кентауда спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 56700 адамды, тұрғындардың 28,3% құрады. 285 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, 21263 адам қамтылды.

2018 жылдың 10 айында қаламыздың спортшылары 45 облыстық, 18 Республикалық, 7 Халықаралық, 10 Қазақстан Республикасы чемпионаттарына және 1 Азия Чемпионатына, 2 Әлем Чемпионатына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Айта кету керек, бұған дейін кенді өлкеде моноқала бағдарламасы аясында 6 спорттық алаңша пайдалануға берілді. Мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпкерлер болса, 4 нысанды өз аттарынан тарту етті. Сонымен, шаһарда бүгінде спорт мектептерінен бөлек 10 спорт алаңшасы жұмыс істейді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Құралбаев стадионында қайта жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Жоба бойынша жүгiру мен секiру және спорттың өзге түрлерiне арналған алаңдар дайындалып, футбол алаңына көк шөп егiледi.

Рекомендовать
Последние новости