«Астана ЭКСПО-2017» атауын өзгерткен ұлттық компания Сауда министрлігінен алынып, басқа ведомствоға беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұрын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы деп аталған «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағынан алынып, басқа мемлекеттік органға беріледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Үкімет қаулысында:
«“QazExpoCongress” ұлттық компаниясы” АҚ-ның 100% мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілсін», – делінген.
Қаулы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 2017 жылы өткен халықаралық EXPO көрмесінен кейін «QazExpoCongress» болып қайта аталған. Компанияның қызметі кезінде бірқатар даулы жағдайлар болған. Солардың ішінде ең үлкен резонанс тудырғаны — сол кездегі басшысы Талғат Ермегияевтің қатысуымен болған жемқорлық дауы, ол 4 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған.