Динара Егеубаева кімнің жобасы: оған шетел көмектесе ме?

Dalanews 01 мар. 2023 11:11 879

Жуырда журналист Динара Егеубаеваның ұлына қатысты тағы бір «қастандық» туралы жаңалық шықты. Оқиға анық-қанық емес, күдік тудыратын жайттар көп, ал куәгерлер мен айғақтар мүлдем жоқ деп жазады yvision.kz

Соңғы айларда кенеттен Егеубаева ханымның басынан өткен «от қою», «ұрып-соғу», «шабуыл жасау» әрекеттерінің барлығы алдыңғы оқиғалардай. Қандай да бір бітпейтін триллер Harper's Bazaar журналының бұрынғы редакторының (осындай американдық сән журналы бар) және Прагадағы «Азаттық» радиосы бюросының бұрынғы журналисінің (иә, сол АҚШ Мемдепартаменті қаржыландыратын «Бостандық») басынан өтті.

Осы оқиғалардың бәрін оқып отырған кез келген оқырманның ойында мынадай заңды сұрақ туындайды. Елге іс жүзінде беймәлім БАҚ өкілі аз уақытта неге мұнша атышулы хайпты керек етті? Қысқасы, бұл тәсіл жаңадан ойлап табылған жоқ. Динара біраз уақыт жұмыс істеген Еуропаның саяси технологтары бұл технологияны әлдеқашан жоспарлаған.



Шабуылдар, ұрып-соғу және қастандық әрекеттері туралы сенсациялық жаңалықтар оның халық алдында тез арада «күрескер» бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, сіз (тәуелсіз журналист болсаңыз) қаншама шабуылдар мен өртке қарамастан, елдегі барлық нәрсеге немқұрайлы қарамай, мемлекетте қандай сұмдық «режим» билік үстемдік құрып тұрғаны туралы қорықпай жазуды жалғастыра бересіз.

Міне, әрі қарай біз негізгі мәселеге көшеміз. Расында, Динара Егеубаеваның жазбаларына қарап отырып, Қазақстан туралы жағымсыз пікірлердің толқынына бой алдырғаныңыз сонша, өмірден баз кешіп кетесіз. Осы тұста оның теріс пиғылы тек билікке ғана қатысты болса жақсы болар еді ғой.Алайда олай емес. Динара мен оның адамдары халық туралы да сондай жаман пікірде. Ол мұрнын шүйіріп, қазақтарды «малшы», «қойшы», «маргинал» деп атап, өзінің еуропалық білім алғанын мақтанышпен әр кезде еске салуды ұмытпайды. Қазақтар туралы дәл осындайкөзқарасын ол тағы бір «тәуелсіз» журналист Михаил Зыгарға берген сұхбатында айтқан болатын. Бірақ оған сәл кейін ораламыз.

Жалпы, егер Динараның материалдарын көбірек оқысаңыз, оларда Қазақстан үшін нақты анықталған теріс көзқарастар ғана емес, сонымен қатар, осы «демократиялық құндылықтар» мен жаһандық идеялардың «мінсіздігін», америкалық құндылықтарға баса назар аудара отырып,батысшыл мақтаныш барын байқау қиын емес.

Біреу «Мұнда тұрған не бар? Журналиске америкалық стиль және өмір сүру салты ұнайды. Әр адам өз пікірін айтуға құқылы. Біреуге Құран немесе Библия құндылықтары жақын. Ал біреуге ондаған гендерлік және түрлі бағдарларға еркіндік берілген, «№1 ата-ана және №2 ата-ана», баланың жыныс таңдау еркіндігі және басқа да «демократиялық» құндылықтары, Батыстыңзаманауи идеологиясы көбірек ұнайды» дейді.

Иә, бәрі дұрыс. Біздің елде де демократия, сөз бостандығы бар, әркім өз жанына, өзіне жақын нәрсені насихаттауға ерікті. Біреулері ата-баба өсиетін, отбасы мұратын, төл, рухани тұтас Қазақстанды жақтайды. Ал басқалары – ЛГБТ толеранттылығы мен гендерлік әртүрлілік бойыншаанағұрлым дамыған Батысқа еліктеу үшін, Батыста демократия өзінің идеалды, «классикалық» нұсқасында ұсынылғанын айтады.

Егеубаева, Зыгарь және басқа да «тәуелсіз» журналистердің өз шығармашылығы арқылы күнделікті ақпараттармен жұмыс істеуіне, жүйені құлшыныспен сынауына, Батыс құндылықтарын идеалды етіп көрсетіп, «Қазақстанда бәрі қорқынышты, сұмдық» деген тезистеріне әр түрлі қарауға болады. Алайда егер біз егжей-тегжейлерді елемей, жалпы саяси терминологияға көшетін болсақ, онда сарапшылар бұл күн тәртібін (тек біздің елде ғана емес, басқа да көптеген дамушы елдерде) дәстүрлі демократиялық «маңдайшаларының» астында «Батыстың мүдделерін алға жылжыту» деп атайды.

Толығырақ айтайық. Чилиде, Гватемалада, Грузияда, Украинада, Мысырда және басқа дакөптеген мемлекеттерде сынға ұшыраған саясаттанушылар сипаттаған «түрлі-түсті революциялар» технологияларының классификациясына сәйкес, Динара сияқты тұлғалар төңкерістің негізгі субъектілері саналады.

Әрине, «тәуелсіз журналистер» «2 қаңтарға»содырлар жинайды немесе жаппай тәртіпсіздіктерге баруға бұйрық береді деп ешкім айтпайды. Олардың әлдеқайда маңызды тапсырмалары бар. Батыстың ықпал ету агенттері, әдетте, осы санатқа PR және үгіт-насихат мамандарын (Динара Егеубаева секілді) тартады. Олар «көпшіліктің билікке деген көзқарасы күрт теріс болуы үшін әрекет жасап, революциялық көңіл-күй туғызуы керек».

Технологиядағы келеңсіздік

Дегенмен, Динараның «түрлі-түсті революцияның» идеологиялық қолшоқпары ретінде дайындалуы, көп нәрсені күтпегені қарапайымадамға айтпаса да түсінікті. Ол Зыгарға берген сұхбатында өз еліне, салт-дәстүріне, тіліне, ең бастысы, қазаққа мұрнын шүйіріп, менсінбейтінінбілдіріп, көптеген стратегиялық қателіктер жіберді.Егеубаева халық туралы айта отырып, жоғарыда аталған «малшылар», «маргиналдар», тіпті, «питекантроптар» сияқты анықтамаларды қолданды. Бәлкім, оның алыстан бағамдай алмауы – еуропалық өмірге, Прагаға тым сіңісіпкеткендігінен шығар?

Шамамен жарты жыл бұрын Динара Прагадан көшіп келіп, еліміздің ақпараттық алаңында кенеттен пайда болды (айтпақшы, сол жерде,«Азаттық» радиосында, алты ай жұмыс істеп, ол бар болғаны шағын 5 бағдарлама шығарды. Яғни,ол «негізгі пуль репортерлерінің» қатарына кірмейді. Әрине, тәжірибесі жетпегені, ал кураторлар Динарамен оның Қазақстан Республикасындағы имидждік стратегиясында мардымсыз жұмыс істегені анық. Олар Қазақстандағы болашақ электоратқа (өздеріңіз білесіздер, Егеубаева Мәжіліс сайлауына тіркелген) ашық құрметсіздік көрсетудің қажеті жоқ екенін түсіндірмеді.
Егеубаеваның сөйлеген сөздеріне тереңірек мән берсеңіз, мұның бәрі біздің қашқын радикалды оппозицияның дәстүрлі популистік тезистерінің жиынтығы барын байқайсыз. Иә, иә, сөзінің мазмұны Қазақстанда бәрінің қаншалықты нашар екендігі туралы айтатын Әблязовтың «асанқайғылануымен» сәйкес келеді.

Динараның арсеналында дәл осындай (тура Әбілязов секілді) наразылық митингілерінің уағыздары, «мұның бәріне қашанғы шыдаймыз?!» деген лебіздер, «гүлденген Батыстың өмір сүруі қандай тамаша!?» деген тақырыптағы ұранды сөздер бар. Шетелдік саяси стратегтердің пікірінше, мұндай ұрандар Қазақстандағы маргинал қоғамды оятып, ілгерілетуі мүмкін. Шындығында, қоғам біраздан бері қозғалмаған.
Тағы айтсақ: бұл тозығы жеткен ұрандар біздің елде бұрыннан «минус белгісімен» жұмыс істеп келеді. Жұмсартып айтсақ, жұртты батыстықтардың бәрін мінсіз етіп көрсету, ата-бабамыздың қадір-қасиетіне аяқтарын сүрту туралы жалған ұрандар «шабыттандырмайды». Бұл әдіс Украинаның бір жерінде іске асқан болуы мүмкін, бірақ бұл тәсіл дәстүрі бар Қазақстанжұртшылығына өтпейді.

Ал Динара Егеубаеваның басты және құрдымға кетіретін имидждік қателігі – оның «Қазақстан өз тәуелсіздігінен және халық дәстүрінен тезірек бас тартуы керек» деген мәлімдемесі.

«Мүмкін емес, мен айтар едім – қазір тәуелсіз болу қылмыс ... Біз негізгі бағытта, өркениет дамуының ағымында, жаңа ақпараттар мен тапсырмаларды сіңіруге болатын ортада болуымыз керек», – дейді Динара. Әрине, «орталық» деп АҚШ-ты меңзегені анық.
Қазақстан тәуелсiздiгiнiң қарсыласы, Штаттардың өзінше сылқым жанкүйері Егеубаеваның Зыгарь мырзаға берген бұл сұхбатыжерлестері жағымсыз пікірді қарша бората бастағанда YouTube арнасынан дереу алынып тасталды. Алып тастағаннан не пайда? Желі бәрін ұмытпайды.

Бала болды ма?

Журналисіміздің жұмысының сапасыз болғанын айтпау мүмкін емес. Сенсация жасау – бұл өзідұрыс қолдануды талап ететін өте нәзік технология. Әйтпесе, бұл арзан спекталь боп шығады. Әттең,Динараның «жүрек жұтқан күрескер» дегендаңқымды шығарамын деп жасаған әрекеттері бірінен соң бірі текке тыраштану болады да қояды. Сонымен бірге Егеубаева «шығыңқы есектің құлағын» елемей, өзінің жалған әңгімелерінің астына «үлкен саясатты» енгізуге асығатыны соншалық, ашықтан-ашық көптің көңілін көтереді. Бұған көз жеткізу үшін Инстаграмдағы пікірлерді оқысаңыз жеткілікті.

Мысалы, оның ұлына жасалған атышулы шабуылды алайық! Айғақтардағы ақылға қонымсыз шатасуға қарамастан (мылтық ойыншық болды, ал ер адам, белгілі болғандай, шабуыл жасамай, жай ғана өтіп кетті), Динара бұл оқиғаны дереу өзінің «кәсіби қызметіне» байланысты «саяси террорлық акт» деп мәлімдеді. Шындығында, сол кезде оның баласы оқиға болған жерде болды ма, болмады ма? Оны ешкім түсінген жоқ.
Динараның көлігін өртеп жібергені туралы ақпарат та фейк спектакль боп көрінді. Сарапшылар бастапқыда өрттің болғанына күмәнданған. Ашық дереккөздерде Егеубаеваның жанып жатқан көлігінің фотосы мен видеосы жоқ,тек есіктері ашық кроссовердің фотолары ғана бар.Ал әлгі фотодағы көлік Егеубаеваға тиесілі ме, жоқ па, бұл да белгісіз.

Қазақстандық БАҚ-тың бұл ақпараттық арандатушылықты жайбарақат таратқаны бекер емес. Бірақ бұл тақырып белсенді түрде, бұйрық бойынша, шетелдік баспасөзде өңделіп, таратылды. «Қазақстандық тәуелсіз журналистің көлігі өртенді» деген тақырыпта Еуропалық Одақтың, АҚШ-тың ірі басылымдары, тіпті, украиналық БАҚ көшірме мәтіндерді таратты.

Осы оқиғадан кейін журналистің «асарлатып ақша жинап, көлік сатып алу» туралы мәлімдемесі өте сұрықсыз көрінді. «Осылайша жаңа көлікалатын ақша жинай аламын ба деп үміттендім», –деді Динара.
Ымырасыз, күрескер әйел үшін бұл өте оғаш қылық. Ең күлкілі жағдай, Егеубаева жуырда өзі тіл тигізген, «жолы болмаған малшылардан» жаңа көлік алу үшін қайырымдылыққа ақша жинап беруін өтінгені.
«Түрлі-түсті төңкерістердің» талаптарына сәйкес келмейтін, кәсіби этикаға жатпайтын мінез-құлығы бар (өздеріңіз білетіндей, нағыз күрескер аш және кедей болып көрінуі керек) «Динара Егеубаева жобасының» әрекетіне шетелдік демеушілердің қалай қарайтыны қызық. Сценарий бойынша оны «билікке қарсы күрестің символы»деп жариялау керек еді. Дегенмен, осы уақытқа дейін америкалық «құндылықтардың чемпионы»бұл рөлді ашық орындамады.

Дереккөз: yvision.kz

Рекомендовать
Последние новости