Дикий Арманның анасы өмірден өтті

Сағыныш Сардарова 08 авг. 2025 18:29

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы дүниеден өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл қаралы хабарды әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиевтің досы Нұржан Иманалиев жеткізді.

"Бүгін жүрегімізді ауыртқан қаралы хабар жетті… Ардақты досымыз Арманның асыл анасы, қадірлі Роза апай өмірден озды. Роза апайымыз иманды, парасатты, сабырлы, текті, ақылгөй жан еді. Тағдырдың ауыр сынақтарын бастан өткерді… Жалғыз ұлына ұзақ жыл жаза беріліп, баласының басына бұлт үйірілген қиын кезеңдер болды. Бірақ ана жүрегі соның бәріне төзіп, баласынан ешқашан теріс айналған жоқ", – деп жазды Иманалиев.

Оның айтуынша, марқұм Қостанайға барып, ұлын көріп қайтқан.

"Сол сәттен кейін жүрек ауыртпалығына шыдай алмай, ауруханаға түсіп, сол жерде жаратушысына қайтты", – деді ол.

Айта кетейік, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Қаңтар оқиғасы бойынша Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын. 


Рекомендовать
Последние новости