Қорғаушылар ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиевтің тергеу изоляторында жоқ екенін білген.
– Бізде оның Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында (Масанчи көшесінде орналасқан) екені туралы ақпарат болғанмен, бүгін таңертең ол жерде болмай шықты.
Содан соң біз Алматы қалалық ҰҚК-не барып, уақытша ұстау изоляторы өкілінің алдымызға шығуын талап еткенімізбен, олар бүгін санитарлық күн екенін айтты. Ешқандай ақпарат айтқан жоқ.
Одан кейін Алматы қаласының Орталық тергеу изоляторына (Красногорская көшесінде) бардық. Онда бармас бұрын сағат 10.00-ге алдын ала жазылдық. Бізге растады. Арнайы бөлімшенің қызметкерлері базаны қарап шығып, ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні Арман Жұмагелдиевті прокурордың санкциясымен Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің изоляторына алып кеткенін айтты, – дейді заңгер Талғат Есімов.
Айтуынша, оларға Арман Жұмагелдиевті не үшін алып кеткені түсіндірілмеген.