Диірменшілерге 580 мың теңге. Қазақстанда кімдерге жоғары жалақы ұсынылған?

Көркем Алдабергенова 12 дек. 2024 15:35 792

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарашада электрон еңбек биржасында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар қайсы екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынған.

Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), талдау қызметінің бастығы (шамамен 1,2 млн теңге) және ұшқыштар (шамамен 1,1 млн теңге) сұраған.

Биыл қарашада Электрон еңбек биржасында 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланған, яғни жұмыс берушілердің де, іздеушілердің де белсенділігі төмен. 

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы АЕК-ке байланысты енді зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері қалай өзгеретіні хабарланды.


Рекомендовать
Последние новости