ДНҚ құрамы тексеріледі: Қандастарға байланысты жаңа талап енгізілмек

Dalanews 26 янв. 2024 11:53 1636

Алдағы уақытта Қазақстанда қандас мәртебесіне үміткер болған азаматтарға жаңа талап қойылуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, өз ұлтын растайтын құжаттары болмаса, қан құрамына байланысты тиісті сараптама жүргізетін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаевқа әкімдіктер жанынан құрылған комиссия қандастардың ұлты қалай анықталатыны туралы сұрады.


Ерсаев өз кезегінде бұл мәселе бойынша арнайы комиссия ұжымы құрылатынын жеткізді. Оның айтуынша, мұндағы сарапшылар  жеке азаматтың өтінішіне байланысты өз ұлтын дәлелдей алмаған жағдайда  азаматқа қандас мәртебесін алуға рұқсат беруге бола ма, жоқ па, соны шешеді.


Сонымен қатар ол комиссияның қандай функциялары болатыны, әңгімелесуді қалай жүргізетінін, "қандас" мәртебесіне үміткер азаматқа қандай сұрақтар қойылатыны туралы да айтты.


"Осы тұста біз геномдық сараптама жүргізуді қарастырдық. Комиссияда азаматқа қатысты күмән туындаған жағдайда, біздің қағидаларымызбен ол адамды қазақ ұлтына қатысы бар-жоғы анықталатын сараптамаға жіберу көзделеді" - дейді Ерсаев.


Фото: Sputnik

Рекомендовать
Последние новости