Дереккөз: Ақышевтің үстінен іс қозғалды

Dalanews 03 июл. 2019 08:31 973

Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық қозғалды деп хабарлады ​@kazebitda  телеграм-арнасы.

Арна ақпаратына қарағанда тергеу амалдары аяқталуға жақын әрі алдағы уақытта толыққанды мәлімет берілмек.  

Ақышевқа тағылған 2 айып: 

БЖЗҚ-ның Лондон биржасынан Қазатомөнеркәсіп акцияларын сатып алып, оны KASE-ге қою арқылы саудалауы қылмыстық қудалауға негіздің бірі ретінде алынғаны айтылады.

Тағы бір себебі – теңге бағамымен «ойнауы». Аудиторлар бұл ретте бірнеше заңсыздықтарды байқап, одан тәуір табыс тапқан компанияларды анықтаған.


Dalanews.kz Бас прокуратураға осы мәліметтің мән-жайын анықтау үшін өтініш түсірді. Оның жауабы жақын арада жарияланатын болады.

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкке 2015 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін басшылық еткен.

 

Рекомендовать
Последние новости