Депутат Бапи Қарағанды шахтасындағы апатқа екі адамды айыптады

Dalanews 28 окт. 2023 05:40 1094

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылысқа байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша Қарағанды шахтасында қазақ тапқандардың саны 40 адамға жетуі мүмкін.

"Өкіншке қарай, кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен Митталдың жеке меншігіне берілген "АрселорМиттал Темиртау" (АМТ) компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған апаттан 200-ден астам кенші жер астында қалды деген хабар келді.

Оқиға басында құтқару операциясымен айналысып жүрген жігіттердің хабарына қарағанда, өрттің арғы жағында, терең забойда қалған 30-ға жуық адамды құтқару мүмкіндігі азайған сияқты... Қазірдің өзінде қаза тарқандар саны 11 адамға жетті (қаза болғандардың саны 16-ға жетті,ред).

Қазақстан металлургиясының флагманы аталған "Қарметкомбинатты" Митталдың меншігінен кері қайтарып алу мәселесі осыдан бірер ай бұрын - кезекті адамдар өліміне әкелген апаттан кейін қозғалған еді. Міне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде біраз депутат көтерген осы талапқа Үкімет атүсті қарап, "АМТ"-ны кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды!", деді Бапи.

Депутат үнді олигархынан компанияны қайтарып алуды талап етіп отыр.


"Әлихан Смайылов мырза, техника қауіпсіздігін қаперсіз қалдырып, Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан "Карметті" қайтарып алуға не кедергі?

Сіз әлі күнге дейін "ескі Қазақстан" жаққа елеңдеуді қойып, Қазақстан халқына қарай қашан бас бұрасыз?

"Аманат" партиясының Парламенттегі фракциясы (Елнұр Бейсенбаев мырза), сайлауда жеңіп шыққан партия ретінде 8-ші шақырылымның алғашқы сессиясында "аманаттықтар" ұсынған премьер-министрден "Карметтің" меншік иесін жедел өзгерту процессін бастауды талап етуді сұраймын", - деді Мәжілісмен.

Айта кетелік, Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. Төменде 31 кенші бар.

Төтенше жағдай бүгін түнде болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.


Компанияның айтуынша, лавада газ метан жарылысы болды деген болжам бар. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен кеншілер кірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету үшін оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника және үш психолог жұмыс істеуде.

Айта кетейік, «Қазақстан» кенішінде («АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі) жақында болған қайғылы оқиғадан бері небәрі 2 ай өтті. Жақында «Қазақстан» кенішіндегі өрттен кейінгі кеншілердің қазасына басшылықтың 100% кінәлі екені белгілі болды.

Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Рекомендовать
Последние новости