Оралда базарға ұрлыққа түспек болғандарды тұрғындар ұстап, байлап тастаған

Көркем Алдабергенова 24 мар. 2026 21:21

Оралда базарда балта ұстаған күдіктілерді келушілер өздері ұстап, байлап тастаған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Куәгерлердің сөзінше, «Бәйтерек» базарында екі ер адам сауда нүктелерінің бірінен тауар ұрлауға әрекеттенген.

Олардың әрекетін сатушылар мен базарға келгендер байқап қалып, тоқтатуға тырысқан. Сол кезде ер адамдар қолдарына балта алып, айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсеткен.

Оқиға орнында болған азаматтар күдіктілерді өз күштерімен ұстап, байлап, полиция келгенге дейін бақылауда ұстаған.

Оқиға салдарынан екі сатушы - бір ер адам мен бір әйел адам зардап шеккен.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove