Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәлім еткенінде президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша преьмер Смайыловтың жетекшілігімен Қарағанды өңірінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко шахтасында орын алған трагедияның себептерін тергеу және салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
“Оның құрамына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, құқық қорғау органдарының, Қарағанды облысы әкімдігінің, еңбек инспекциясының, "Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері және т.б. кірді. Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізіле”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
“Сондай-ақ Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екенін хабарлаймыз”, – деп қосты баспасөз қызметінің өкілдері.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 21 адамға жетті. Қаза тапқандар саны 21-ге жетті, тағы 23 кеншіні іздеу жалғасуда.
Ал үнді миллиардері тарапынан әзір ешбір реакция болған. Депутат Никита Шаталовтың айтуынша Миттал мен оның қарамағындағыларды Қазақстан азаматтарының тағдыры алаңдатпайды.
"Бізге мұндай инвестордың қажеті жоқ", - дейді депутат.